Бүгінгі таңда, екі мыңыншы жылдардың басымен салыстырғанда өз ісіңді ашу анағұрлым жеңіл және жылдамдай түсті. Істі ашу мерзімі бірнеше күннен бірнеше сағатқа дейін қысқартылды. Тіркелуге қажетті қағаз саны да азайды. Нәтижесінде Қазақстан бизнесті жүргізу оңайлығы жағынан, Дүниежүзілік банкінің беделді рейтингі бойынша жер шарындағы 190 елдің ішінен 36 орынды иеленді.
АСЛАНБЕК ЖАҚЫПОВ, ҚР ҰЭМ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Бұл позиция жаман емес. Дегенмен біз өткен жылмен салыстырғанда бір сатыға төмендеп қалдық. Бұл біздің көрсеткіштеріміздің жаман болғандығынан емес. Онда үлкен бәсекелестік жүріп жатыр. Алдыңғы орындарға жақындаған сайын бәсеке күшейе түседі. Өйткені 190 елдің әрқайсысы осы тізімнің басынан көрінгісі келеді.
Бұл не үшін қажет. Әрине, бұл көрсеткіштің әлеуетті инвесторлар үшін маңызы өте зор.
Пост кеңестік кеңістіктегі елдер арасында Грузия, Эстония, Литва, Латвия және Ресей Федерациясы бізден біртабан алда тұр.
Айтпақшы, біздің географиялық тұрғыдан жақын көршіміз, рейтинг бойынша да бізбен қатарлас болып шықты. Қазақстан мен Ресей арасындағы айырмашылық соншалықты көп емес. Айталық, біздің стратегиялық серіктесіміз 75,5 пунткің нөлден 100-ге дейінгі шкаласы бойынша алдыңғы шепте тұр. Ал, біз 75, 44 пунктеміз.
Дуинг бизнес рейтингі: кәсіпорындарды тіркеу, құрылысқа рұқсат алу, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу, жеке мүлікті тіркеу, несие алу, миноритарлық инвесторларды қорғау, салық салу, халықаралық сауда, келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету, төлем қабілетсіздігін шешу сияқты 10 түрлі қағида бойынша есептелген. Біз осылардың кейбірі бойынша күллі жер шарының алдында тұрмыз.
АСЛАНБЕК ЖАҚЫПОВ, ҚР ҰЭМ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Біз миноритарлық инвесторларды қорғау көрсеткіші бойынша бірінші орынды аламыз. Ал, келісімшарттарды орындау бойынша екінші жыл қатарынан алдыңғы ондықтан көрініп келеміз. Яғни, алтыншы сатыдамыз.
Миноритарлық инвесторларды қорғау – инвесторлардың беттесу индексі мен акционерлік басқару индексі негізінде есептелетін индикатор. Ол отандық бизнестен гөрі, әлеуетті инвесторлар үшін анағұрлым маңызды. Оның үстіне, Дуинг Бизнес рейтингі бойынша алға жылжумен қатар елдегі шағын және орта кәсіпорындар саны да арта түседі.
АСЛАНБЕК ЖАҚЫПОВ, ҚР ҰЭМ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Бәсекелі сандармен айтар болсақ, 2017 жылдың 1 қаңтарындағы ахуал бойынша біз шағын және орта бизнес субьектілер санының көрсеткіші бойынша 1156000-ға жеттік. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,5%-ға артық.
Қазір шағын және орта бизнестің үлесі ішкі жалпы өнім бойынша, көп болса да, бұл әлі де жеткіліксіз болып отыр.
ЖАНАР ЖАНДОСОВА, «САНДЖ» ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
- Өкінішке орай, қазір ол бізде бар-жоғы 26, 22, 17-ні құрайды. Және бұл мұнай бағасыцна өте тәуелді. Өйткені біздегі көптеген бизнес осы мұнай саласы төңірегінде айналып жатыр. Сөйтіп, мұнай бағасы түссе, бұл саланың да пайдасы төмендейді. Яғни, мұнай саласы төңірегіндегі шағын және орта бизнестің де кіріс құлдырайды.
Алайда, сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда шағын және орта бизнестің үлесі жалпы республикалық көрсеткіштен анағұрлым асып түсетін өңірлер бар. Бірінші кезекте бұл – Батыс Қазақстан облысы. Ондағы жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 40%-ды құрайды. Астанадағы жағдай да осыған пара пар. Дегенмен бұл көрсеткіштің өзі дамыған елдердің деңгейіне жетпейді.
АСЛАНБЕК ЖАҚЫПОВ, ҚР ҰЭМ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Егер Жапония, Ұлыбритания, Германия сияқты анағұрлым дамыған елдер жайлы айтар болсақ, онда жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 50%-дан асады.
Мұндай көрсеткішке Қазақстан 2030 жылы жетуге тиісті. Бұл міндет Қазақстан 2030 мемлекеттік стратегиясында жүктелген. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін бізге әуелі бірқатар мәселені шешіп алу қажет.
ЖАНАР ЖАНДОСОВА, «САНДЖ» ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
- Ең басты мәселе – жемқорлық. Және ол азаймай отыр. Керісінше, өсіп барады. Кәсіпкерлер ұлттық палатасының соңғы зерттеулеріне сүйенсек, сыбайлас жемқорлық деректерімен бетпе бет келумен қатар, кейбір адамдарға жең ұшымен жалғасу әрекеттері септігін тигізіп отырған көрінедеі.
Бұл әлеуметтік қатер біздің ел үшін ғана қауіпті емес, әлемнің көптеген дамыған елдері үшін де күрделі мәселеге айналып отыр. Бұл тұрғыда Қазақстанда заңдылық жағынан атқарылған шара шаш етектен. Еліміз мұнымен шектелмек емес.
АСЛАНБЕК ЖАҚЫПОВ, ҚР ҰЭМ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Мемлекеттік бақылау, қадағалау жүйесіне мүлдем жаңа институт енгізіліп отыр. Ол алдын ала қадағалау институты деп аталады. Яғни, бұрын қауіп бағасы жүйесі негізінде тексеру жүргіліп, әлеуетті заңбұзушыларды анықтап, соларға тексеру жасалған болса, енді ол түгел тоқтатылып, оның орнына алдын ала қадағалау институты енгізіліп жатыр.
Осылайша, тексеруші енді айыппұл жаза алмайды. Олқылықтың орнын толтыру қажеттігі жөнінде ұсыным ғана береді. Оның үстіне, ол үшін не істеу қажет және оның мерзімі қандай болатынын түсіндіруге міндетті. Сонымен қатар, барлық заңбұзушылық маңызды емес, маңызды және өрескел болып үш топқа бөлінеді. Егер кәсіпкердің заңды өрескел бұзғандығы анықталса, тексеруші қайта және ескертусіз келіп тексере алады. Сонымен қатар, тексеруді жүргізу мерзімі де қысқаратын болады.
АСЛАНБЕК ЖАҚЫПОВ, ҚР ҰЭМ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Біз тексеру жүргізу мерзімін қысқартып жатырмыз. Бүгінгі таңда 30 жұмыс күні бойы тексеруге және оны бірнеше мәрте созуға болатын болса, енді бұл жартылай 15 жұмыс кгніне қысқартылады. Және тексеруді бір рет қана созуға болады. Жоспардан тыс тексеру де 30 жұмыс күнінен 10 жұмыс күніне дейін қысқартылады.
Қазақстан әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуге және жалпы ішкі өнімді шикізаттан қайта өңдеу секторына бағыттауға құлықты. Бұған республикадағы шағын және орта бизнесті дамытудың септігі тиері сөзсіз. Сондықтан жақын болашақта осы салаға үлкен мән беріліп, ел эколномикасының қозғаушы күшіне айналдыруды мақсаты тұр.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz