RU
Толық нұсқаға өту

Экономика. Қазақстанда ипотекалық нарық күшейіп келеді

11.06.2018, 17:50 946

Қазақстан жаңалықтары

-          Жыл басынан бері доллар танымалдылығын жоғалта бастады. Ал, рубльге сұраныс артып келеді. Рубльдің нетто-сатылымы екі ай қатарынан долларды басып озуда

-          Қазақстанның ішкі су жолдары бойынша жолаушылар тасымалы екі есеге азайған. Өткен жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда жолаушы айналымы 40%-ке кеміген

-          Еуропа қайта құру және даму банкі, Шетел инвесторлары кеңесінің пленарлық отырысы аясында, Қазақстанда қытайдың RisenEnergy компаниясымен жаңартылған энергия саласындағы алғашқы бірлескен жобасына қол қойды

-          2018 жылдың қаңтар-сәуірінде, екінші деңгейлі банктердің кірістері, 10 трлн 50 млрд теңге болды. Бұл бір жыл бұрынғыдан небәрі 1,2%-ке артық

Әлем жаңалықтары

-          Еурокомиссия, ЕуроОдақ шілдеде АҚШ-тан жеткізілетін белгілі бір өнімдерге қосымша баж салу мүмкіндігіне ие болады деген үмітте. Бұл ЕуроОдақ елдерінен келетін болат және алюминий өнімдеріне Құрама Штаттар енгізген жаңа тарифтеріне жауап іспетті болуы тиіс

-          2018 жылдың қаңтар-сәуірінде Ресейдің алюминий экспорты, өткен жылдың сәйкес мерзіміммен салыстырғанда 15,7%-ке артып, 1 миллион 13 мың тонна болды

-          Егер ОПЕК, ОПЕК+ мәмілесі аясында өндірісті ұлғайтуға рұқсат беретін болса, Венесуэла мұнай өндірісін күніне 500 мың немесе 1 миллион баррельге арттыруы мүмкін

Сараптама

Қазақстанда ипотекалық нарық күшейіп келеді. Осы жылдың төрт айының өзінде, 129 млрд теңгенің тұрғын үй қарызы берілген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 47 процентке өсіп отыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz