Қазақстан жаңалықтары
- Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Респубикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына Сенат ұсынған түзетулерді қабылдады
- 2018 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында транспорттық компаниялардың кірісі 1 трлн 80 млрд теңге болды. Бұл өткен жылғыдан 16,5% -ға көп
- «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті 2021 жылдың 1 қантарына дейін осы қаржы орталығында реттелетін, нарықтық және қосалқы қызметтер үшін лицензиялар беру төлемінен босату туралы қаулы шығарды
- Микроқаржылық ұйымдардың аяқалысы жақсы. Олардың Ұлттық банкте тіркелген активтер портфелінің жиынтығы биылғы алғашқы тоқсанның соңында 199 млрд 700 млн теңге болған. Бір жылдағы өсім 47,4% шамасында. Бұл 64 млрд 200 млн теңге
Әлем жаңалықтары
- Германия мен Франция Еуроодақтың қазіргі бюджетіне қоса тағы бір бірыңғай бюджет қалыптастыруды ұсынды
- Венесуэланың PDVSA мемлекеттік мұнай компаниясында жұмыс істейтін мыңдаған қызметкер жұмыс орындарын тастап кетуде
- АҚШ-тың болат және алюминий өнімдерінің импортына кедендік баж салығын енгізуіне қатысты Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы консультацияларға Ресей де қатысуы мүмкін
Сараптама
Маусым айының басынан бері ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 3 пайызға төмендеді. Мамыр айының соңына қарай Экономика жобасы аясында сауалнамаға қатысқан сарапшылардың дені айырбас бағамына қатысты оптисмитік болжам жасаған еді (спикерлер: Додонов В. - экономика ғылымдарының докторы; Даутбаев А. - екінші деңгейлі банкқазынашылық және қаржы қаржы институттары бағытының директоры)
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz