Қазақстан жаңалықтары
- Биылғы бірінші тоқсанда денсаулық сақтау саласында 241 млрд 900 млн теңгенің қызметі көрсетілген. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 3,6 пайызға кем
- ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде жер қойнауын пайдалану құқығын аукцион тәртібінде беруге арналған байқау өтті
- Биылғы мамыр айының қорытындысы бойынша сақтандыру компанияларының жалпы активі 948 млрд 100 млн теңге болды.
Әлем жаңалықтары
- Тегеран Гаагадағы БҰҰ-ның сотына шағым түсірді. Онда Иран билігі елдің орталық банкінің активтерін бұғаттап тастауына байланысты қарсылығын білдірген
- Ирак мамыр айында мұнай экспортының орташа тәуліктің көлемін сәуір айымен салыстырғанда 4,5% арттырды. Сөйтіп тәулігіне 3 млн 490 мың баррел қара алтынды сыртқа сатуда
- Беларусь елінің Президент іс басқармасына қарасты Паритетбанк Сбербанктің украиналық еншілес компаниясын сатып алуға құжаттар тапсырғанын хабарлады
- Америкалық Harley-Davidson мотоциклін өндіруші компания еуропалық нарықпен жұмыс істейтін өндіріс ошақтарын АҚШ аумағынан көшіреді.
Сараптама
Каспий теңізі және 4 мың шақырымға созылған ішкі су маршруты. Бүгінгі Қазақстанның су транспорттық жүйесі осындай. Теңізде 300-ден астам, өзендер мен каналдарда 700-ден артық кеме жұмыс істейді. Жыл сайын су транспорты арқылы 7 млн тонна жүк тасымалданады. Басты бағыттар – Ресей, Иран және Әзербайжан. Айта кетейік, өзен арқылы жөнелтілетін тауарға қарағанда Каспиймен тасымалданатын жүк көлемі анағұрлым көбірек. ( спикерлер: Тілепов Қ. ҚР ИДМ көлік комитетінің су көлігі басқармасының басшысы; Мұқұшев Қ.- Қазақстан транспортшылары одағы бас директорының орынбасары; Юдин Н.- теңіз көлігі кәсіпкерлері қауымдастығының жетекшісі)
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz