Қазақстан жаңалықтары
- Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің активтері сол қалпында. Қарашада 24 трлн 500 млрд теңге көлемінде тұрақтады. Бұл биылғы ең жоғарғы көрсеткіш
- Енді ел азаматтары алтын құймаларды айырбастау пунктерінен де сатып ала алады. Ұлттық банк тиісті қаулы қабылдады
- 2018 жылдың алғашқы алты айында Қазақстан экономикасына 12 млрд 300 млн доллар инвестиция тартылды. Бұл былтырғыдан 15,4 процентке көп
Әлем жаңалықтары
- Ресейдің Қаржы министрлігі 1 млрд еуро тұратын еурооблигацияларды айналымға қосты. Олар жылына 3 процент көлемінде кіріс әкеледі делінген
- HewlettPackardEnterprise жасанды интеллект технологиялары мен деректердің үлкен ауқымын талдауға маманданған BlueData компаниясын сатып алу туралы келісімге келгенін хабарлады
Сараптама
Қараша теңге үшін қалыпты өтті. Төл валютамыз анау айтқандай құбылған жоқ. АҚШ ақшасына шаққандағы бағамы 370 теңге төңірегінде тұрақтады. Ең қымбаттағаны 375 теңге 90 тиын болған кезі. Теңге бағамына тікелей әсер ететін сыртқы негативті факторлар болмады емес, болды. Айталық, мұнай арзандады. Бір айда 17 процентке құлдырап, баррелі 60 доллардан төмен түсіп кетті. Енді желтоқсаннан не күтеміз? Бірсыпыра сарапшының пікірін тыңдаған едік. Бөлісуге дайынбыз. (спикерлер: Оразбаев Д.- инвестициялық сарапшы; Дронин А.-брокерлік компанияның басқарма төрағасының орынбасары; Жүмекенов Д.- инвестициялық компания бөлімшесінің директоры)
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz