RU
Толық нұсқаға өту

Банктердің несие беру қызметі тексеріледі

17.11.2026, 08:20 11

Кейбір банктер несие берер кезде тұтынушылардың табыс көлемі мен қарыз жүктемесін талапқа сай есептей бермейді. Әсіресе, «қосымша кіріс» бағанасына борышкердің ауызша айтқан сомасын жаза салады. Оны растайтын құжат талап етілмейді. Айналып келгенде, тұтынушы қарыз қамытын қалай кигенін аңғармай қалады. Ал банк үшін бәрібір. Сотқа жүгінсе де, қарызын қайтарып алудың амалын табады. Енді несие нарығын жіті бақылау үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі цифрлық жүйенің көмегіне жүгініп отыр. DSR платформасы 11 банктің қызметін тексереді. Жаңа әдістің тағы қандай артықшылығы бар?

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz