Павлодар облысында 4 мыңнан астам мәдениет қызметкері еңбек етіп, мәдениет саласына қарасты 15 ұйым жұмыс істейді. Арнайы кітапханада көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітаптар Брайль қарпімен шығарылады. Бір кітаптың құны 30-35 мың теңгеге дейін жетеді. Архив саласында құжаттарды цифрландыру жұмыстары 2018 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ал ауылдық жерлерде 13 мыңға жуық бала спорттық және шығармашылық үйірмелерге тегін қатысады. Бұл бағытқа мемлекет тарапынан 1,2 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген. Тек 2026 жылдың басынан бері облыста 8,5 мыңға жуық мәдени іс-шара ұйымдастырылып, оған 250 мыңнан астам көрермен қатысты. Ал қала күніне арналған мерекелік шараларға 200 мыңнан астам адам жиналды.
Тегтер #мәдениет #кітапхана #Брайль харпі #кітап #архив #Елге қызметPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz