Азаматтарды қаржылық қолдау үшін Үкімет бағдарлама жүзеге асырып жатыр деген қаңқу әңгіме желіде тарай бастады. Фейктің авторлары мемлекеттің қолдауымен белгіленген бұл пассивті табыстың көлемі тұрғындардың туған жылына байланысты болады деп бөсіпті. Сенбеңіз! Алаяқтар бұл хабарламасында да стандартты схемаға жүгінген. Біріншіден, хабарландыру 24kz телеарнасының атын жамылған аккаунта жарияланған. Алайда «профайл туралы ақпарат» бөліміне өтсеңіз, оның телеарнаға ешқандай қатысы жоқ екенін көре аласыз. Жалған аккаунттың kazakh2468 деп аталады, ал шын телеарнаның шынайы аккаунты 24kz_tv. Екіншіден, жарнамада премьер-министр Олжас Бектеновтың фотосуреті қолданылған. Дегенмен Премьер-Министрдің ресми ақпараттық ресурсында жаңа қаржылық бағдарлама туралы ақпараты жоқ.
Тегтер #хабар24 #жалған ақпарат #үкімет #бағдарлама #ПремьерминистрPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz