RU
Толық нұсқаға өту

Жапонияда өтетін дүниежүзілік EXPO-2025 көрмесіне дайындық қалай өтіп жатыр?

07.04.2025, 12:42 536

Ұшатын көліктер, гуманоидты көмекші роботтар, ақылды қалалар, соңғы ғарыштық зерттеулер мен жасанды интеллект. Жапонияда биыл өтетін экспо 2025 көрмесінде жаһан жұртына жаңа технологияның осындай соңғы үлгілері таныстырылмақ. Биылғы тақырып орнықты қоғам, инновациялар мен өмір сапасын жақсартуға арналады. Халықаралық іс шара сәуірдің 13-де басталып, 13 қазанға дейін жалғасады. Қазір соңғы дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Көрменің негізгі нысандарының бірі – «Үлкен шеңбер» деп аталады. Бұл - диаметрі 2 шақырым, ал биіктігі 20 метрге жететін әлемдегі ең үлкен ағаш ғимарат. Жақында ғана Гиннестің рекордтар кітабына енді. Басты көрме алаңы осы құрылымның шатыры астында орналасқан. Мұнда жаяу жүргіншілерге арналған жол бар. «Бұл көрмеге келушілерді жаңбыр мен күннен қорғайды», - дейді жоба авторы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz