RU
Толық нұсқаға өту

Австрияда жасанды интеллект университет студенті атанды

13.04.2025, 12:06 393

Жасанды интеллект алғаш рет жоғары оқу орнының студенті атанды. "Флинн" атты алгоритм Венаның қолданбалы өнер университетінің цифлық өнер факультетіне қабылданды. Ол өзге талапкерлер секілді сұхбаттан өтіп, шығармашылық емтихан тапсырды. Ноутбук арқылы іске қосылатын нейрожүйе дәрістерге талдау жасай алады. Ұстаздармен және өзге студенттермен сөйлесіп, өз бетінше оқиды. Флиннің жеке сайты да бар. Онда технология өз бақылауларымен бөліседі. Тәжірибенің мақсаты - жасанды интеллект пен адамның өнерде бірге жұмыс істеу механизмдерін зерттеу.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz