АҚШ-та өздігінен ыдырайтын жаялықтар жасалды. Бұл пластикалық қалдықтар мәселесін саңырауқұлақ көмегімен шешуге мүмкіндік береді. Жаялық қолданылғаннан кейін полиэтилен толық ыдырауы үшін оған арнайы затпен қапталған жапсырма жабыстыру жеткілікті. Тәжірибелерге сәйкес, тоғыз айдың ішінде бұл қалдықтан тек бір уыс күл қалған. Қазірде бұл жаялықтар Техас супермаркеттерінде шектеулі данада сатылады. «Егер сұраныс артса, өнім көлемін де арттыру жоспарда бар», - дейді мамандар.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #роботтар #технология #балаларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz