Илон Маск Айға барып қала салатын болды, Марсқа содан кейін кіріседі. «Марс – Спэйс Икстің стратегиялық нысанасы. Ал Ай соған жету жолындағы уақытша мақсат». Сарапшылар Илон Масктің кешегі мәлімдемесін қызу талқылап жатыр. Spaceх басшысы «биыл Марсқа ұшамыз» деген жоспарын келесі жылға шегерді. Ай Жерге жақын болғанымен, онда ауа жоқ және температурасы өте құбылмалы. Күндіз +100, түнде -150 градус. Сондай-ақ Айдағы шаң-тозаңның қаупі аса жоғары. Ең қатерлісі – тартылыс күші өте әлсіз. Бұл адамдардың ұзақ тұруына үлкен кедергі. Ал қызыл ғаламшарда көмірқышқыл газынан тұратын сәл-пәл ауа қабаты бар. Марстың климаты Антарктидаға ұқсас. -65 градусқа дейін суық. Сонымен қатар Марста қолжетімді мұздықтар бар. Айда олар терең кратерлерде. Марстағы тәулік жердікімен бірдей – 24 сағат 39 минут. Бірақ Жерден Айға үш күнде ұшып жетуге болады. Ал Марсқа тоғыз ай қажет. Маск осы себепті бірінші Айға барып қала салмақ. «Бірақ біздің түпкі мақсатымыз – Марс» дейді.
Тегтер #Илон Маск #ай #Марс #Spaceх #температура #ауа #ғаламшар #Hi TechPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz