Қытайдың роботехника нарығы 12 жыл қатарынан алда келеді. Қазір әлемде сатылып жатқан адамға ұқсас автоматты құрылғылардың жартысынан астамы көршімізде шығарылады. Егер 10 жыл бұрын жылына шамамен 33 мың құлтемір жасалса, бүгінде бұл көрсеткіш он еседей артқан. Мұндай қарқынды дамудың айқын мысалы жақында таныстырылған - «Эджибот Экспедишн A үш» моделі. Гуманоидты робот кунг-фу қимылдарын еркін орындай алады. Әзірлеушілердің айтуынша, құлтемір тек жекпе-жек элементтерін ғана емес, тұрмыстық және өндірістік тапсырмаларды да орындауға қабілетті. Көрші елде көктем мерекесі кезінде өткен шоуда роботтардың өнері көпшілікті таң қалдырды. Қытайдың жасанды санаға негізделген тауарлары бүгінде әлемнің 170-тен астам мемлекетіне экспортталады.
Тегтер #роботехника #нарық #құлтемір #Қытай #Hi TechPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz