Қытайда гуманоид-роботтарды жаппай өндіретін зауыт іске қосылды. Кәсіпорын толықтай автоматтандырылған жүйемен жұмыс істейді. Ақылды машиналар роботты бастан-аяқ өзі құрастырып шығады. Бір құлтемірді жасауға не бары он минут қажет. Лючжоу қаласында орналасқан өндіріс орны жылына он мыңға жуық робот жасап шығаруға мүмкіндігі бар. Осылайша Қытайда робот өндірісі қарқынды дамып жатыр. Биыл жеті айдың ішінде алты жүз мыңнан көп робот шығарылған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда отыз пайызға көп.
Тегтер #Қытай #робот #кәсіпорын #ақылды машина #құлтемір #Hi TechPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz