RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Моңғолия сауда айналымын $500 млн-ға жеткізуге келісті

29.10.2024, 20:50 985

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Моңғолияға мемлекеттік сапары басталды. Президенттер түрлі деңгейде келіссөздер жүргізді, ал біз алыс-беріс мәселесіне тоқталсақ. Былтыр Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-саттық көлемі 150 млн долларға жуықтады. Бұл көрсеткішті көп ұзамай 500 млн долларға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ухнаагийн Хурэлсух БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізіп, осылай деді. Қазақ басшысы алыс-берістегі тауар түрін көбейтіп, экономикалық ықпалдастықты тежейтін кедергілерді жою қажет екенін айтты. Екі ел Үкіметі нақты шараларды қабылдауға көп ұзамай кіріседі. Сондай-ақ арнайы декларацияға тоқталып, бұл құжат екі елдің достығын нығайта түседі деді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz