Атырауда солтүстік айналма жол құрылысы қарқын алып келеді. Атыраудағы солтүстік айналма жол – көлік қозғалысына тың серпін беретін ірі жоба. 27,5 шақырымға созылатын жаңа бағыттың құрылысы кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр. Жол төсемі төселіп, көпірлер мен жол айырықтары бой көтеруде. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының қатысуымен дайындалған жобаның кезекті шығарылымында құрылыс алаңына барып, жобаның бүгінгі тынысымен таныстық.
Тегтер #транзиттік көліктер #айналма жол #құрылыс #жол #көлік қозғалысы #көпір #ҚазАвтоЖол #Jol livePhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz