RU
Толық нұсқаға өту
depositphotos.com

Қазақстандықтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинағы 28 трлн теңгеден асты

05.08.2026, 12:05 14

Қазақстандықтардың болашақ пен зейнетақыға деген көзқарасы өзгеріп келеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының соңғы мәліметтері бойынша, азаматтардың зейнетақы қорындағы жинақтары мен белсенді шоттары көбейген, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл үрдіс адамдардың қартайған шағындағы әл-ауқатын алдын ала ойлап, қаржылық жауапкершілікті түсіне бастағанын көрсетеді.

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 18,78 млн зейнетақы шоты ашылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,11 млн немесе 6,3%-ға көп.

2026 жылдың ортасында қазақстандықтардың БЖЗҚ-дағы жиынтық жинағы 28 трлн теңгеден асып, бір жылда 17%-ға өсті.

Қордағы жалпы шоттар саны 18,7 миллионнан асқанымен, мұның бәріне бірдей тұрақты түрде ақша түспейді. Себебі кейбір шоттар жұмыссыздарға, студенттерге немесе ресми түрде жарна төлеуден босатылған азаматтарға тиесілі.

Жүйенің шынайы жағдайын көру үшін жыл бойы тұрақты түрде жарна аударатындар қарастырылады. Қазіргі таңда елімізде тұрақты түрде жарна төлеп жүрген белсенді шоттар саны 7,3 миллионнан асады.

Жалдамалы жұмыс істейтіндердің 80%-ға жуығы және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың біраз бөлігі зейнетақы жарналарын жыл бойы жүйелі түрде  аударып отырады. Жалдамалы қызметкерлерді жүйемен қамту көрсеткіші 91%-ға жеткен.

 Соңғы уақытта тым төмен жалақыдан төленетін жарналардың үлесі азайып, орташа және одан жоғары табыстан жарна аударатын азаматтардың саны көбейген.

Азаматтар өз шоттарының жай-күйін үнемі бақылап, БЖЗҚ-ның электрондық сервистерін пайдаланады, инвестициялық кірісті қадағалап, зейнетақы активтерін басқару мүмкіндіктерін зерделейді. Азаматтардың өз жинақтарын қалыптастыруға қатысуы, жарналарды тұрақты түрде төлеуі және жинақтарды басқаруға қызығушылық танытуы Қазақстанда ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау мәдениетінің біртіндеп қалыптасып келе жатқанын көрсетеді,- дейді ведомства өкілдері. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz