Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта төмендеді. 1 қыркүйекте Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ валютасының орташа сараланған бағамы 3,12 теңгеге төмендеп, 458,45 теңгені құрады, деп хабарлайды «24KZ».
Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы ақша айырбастау пункттері долларды орта есеппен 455,04 теңгеден сатып алып, 462,04 теңгеден сатуда.
Алматыда АҚШ валютасын сатып алудың орташа бағамы 458,85 теңгені, сату бағамы 461,04 теңгені құрады.
Осылайша, теңге АҚШ долларына қатысты біршама нығайды.
Тегтер #Доллар бағасы #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz