Қазақстанда онлайн-несие рәсімдеу кезінде азаматтардан міндетті түрде сауалнама алу жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды «24KZ».
Қазақстанда 2026 жылғы 1 қазаннан бастап жеке тұлғаларға кепілсіз тұтынушылық онлайн-займдарды рәсімдеу кезінде қарыз алушыларды сауалнамадан өткізу тәртібі күшіне енді, деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.
Агенттіктің сыртқы коммуникациялар басқармасының мәліметінше, кредит бермес бұрын банктер мен микроқаржы ұйымдары клиенттерге анкета толтыртуға тиіс. Бұл шара азаматтардың алаяқтардың ықпалына түсіп, өз еркінен тыс несие рәсімдеуіне және алған қаражатын бөтен тұлғаларға аударып жіберуіне жол бермеу мақсатында қолға отыр.
Сауалнама барысында қарыз алушыға мынадай сұрақтар қойылады:
Кредит рәсімдеуді кім ұсынды?
Несиеге өз бетіңізше жүгіндіңіз бе, әлде үшінші тұлғалардың өтініші бойынша ма?
Несие қандай мақсатқа ресімделіп жатыр?
Шарттың негізгі талаптарымен таныстыңыз ба?
Біреу сізге қысым көрсетіп немесе рәсімдеуді асықтырып жатыр ма?
Банк қызметкерлерінен немесе туыстарыңыздан кредит рәсімдеген фактіні жасыруды кеңес етті ме?
Бұған дейін «ақшаны қорғау» немесе «шоттағы операцияларды тексеру» сылтауымен қоңыраулар шалынды ма?
Егер сауалнама нәтижесінде алаяқтық белгілері немесе үшінші тұлғалардың ықпалымен қарыз алу жағдайлары анықталса, банк займ алу мән-жайларын қосымша тексереді. Оның ішінде қарыз алушыға ықтимал алаяқтық қауіптері туралы қосымша ескертіледі. Тексеру қорытындысы бойынша қаржы ұйымы шарт жасасу, анықталған мән-жайлар жойылғанша оны тоқтата тұру немесе шарт жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, - деп атап өтті ҚНРДА.
Агенттік бұл талаптардың алаяқтық несиелеуге қарсы әрекет ететін қолданыстағы басқа да шараларға (биометриялық аутентификация, ірі онлайн-займдарды беру кезіндегі «салқындату кезеңі» және займ алудан ерікті түрде бас тарту мүмкіндігі) қосымша енгізіліп отырғанын еске салды.
Тегтер #онлайн несие #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz