Дүйсенбі, 19 қазандағы таңғы сауда деректеріне сәйкес, Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 108 доллар шамасында. Ал америкалық WTI мұнайы 97.5 долларға тең. Сарапшылардың пайымынша, бұған Ресейден келетін мұнай өнімдерін жеткізу машақаты әсер етуі мүмкін. Алайда Таяу Шығыстағы геосаяси жағдай мен тасымал бағыттарына қатысты қауіптер бағаның әрі қарай қалай құбылатынын болжауға мүмкіндік бермей отыр. Қалай болғанда да, Қазақстан үшін мұнайдың әлемдік бағасымен қатар, экспорт көлемі, тасымал шығыны және қазақстандық мұнайдың нақты сатылу бағасы да маңызды.
Тегтер #қаржы нарығы #сауда #мұнай #Brent #WTIPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz