Шымкент мұнай өңдеу зауыты ел нарығына қажетті мұнай өнімдерінің 30 пайызын өндіреді.
2 жылдан кейін бұл жер жаңа заманауи технологиялармен жабдықталмақ. Мұнда өндірістік нысандарды модернизациялауға аса көп көңіл бөлінеді. Қазіргі таңда компания оны жаңалауға айтарлықтай қаржы бөліп отыр. Мұнай өңдеу зауытының басты жетістіктерінің бірі өңдеу тиімділігін арттыру мен шығынды азайтуы. Жуық арада зауыт жобалық қуаттылығын жылына 6 млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Пайдалы қазбаларды өңдеумен айналысатын бұл жерде ең бірінші келген шикізат пен одан шыққан дайын өнімнің сапасы тексеріледі. Зауыт зертханасында әсіресе бензиннің сапасы басты назарда. Міндет Еуро-4 және Еуро-5 стандартына сәйкес жанармай өндіру.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz