ОҚО-ның Түлкібас ауданындағы «Қарақұз» әктас кен орнының барланған қоры әлі алдағы 100 жылға жетеді.
Бүгінде ол жақын маңдағы цемент зауытын шикізатпен қамтамасыз етіп отырған кен орны. Бұл зауыт 2010 жылы индустрияландыру бағдарламасы аясында ашылған. Мұндағы өндіріске пайдаланылатын шикізаттың барлығы қазақстандық. Өндіріс ошағында цемент құрғақ әдіспен дайындалады. Бүгінде ол өніммен тек ішкі нарықты ғана емес, сыртқы сұранысты да арттырмақ ниетте. Осы орайда Ресеймен келісімшарттар жасалып жатыр. Заманауи экологиялық талаптарға сай салынған зауыттың басты міндеті қоршаған ортаны ластамау. Өндіріс ошағының жұмыс барысын толығырақ бүгінгі бағдарламадан көре аласыздар.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz