RU
Толық нұсқаға өту

Қазыналы мекен. Геологиялық саладағы серпін

09.02.2016, 15:43 3847

Әлемдік дағдарысқа қарамастан елімізде геологиялық іздеу-барлау және игеру саласының дамуына көп көңіл бөлінуде. Арнайы мемлекеттік жобалар аясында қолда бар мүмкіндіктер барынша пайдаланылмақ.

Биыл өңірлерде қатты пайдалы қазбалар бойынша 22 нысан, сондай-ақ өзге де бағыттардағы бірқатар нысандар аяқталуы тиіс. Осының есебінен 0,4 млн тонна мыс, 40 тонна алтын және 1,7 млн тонна түсті металдар артық өндіріледі деп жоспарлануда.

Былтырғы жылдың соңында елімізде алғаш рет жер қойнауын пайдалану құқығын беретін аукцион өткізілді. Мақсатты бәсекелестікті арттырып, инвестиция тарту. Бұл шара биыл да өз жалғасын таппақ. Сондай-ақ Қазақстан осы жылы Минералды шикізат қоры бойынша есеп берудің халықаралық стандарты жөніндегі комитеті құрамына кіруді жоспарлап отыр (CRIRSCO). Сала бағытындағы жоспарлар мен жобалар жайында бүгінгі бағдарламада толығырақ тарқатамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz