Маңғыстау облысы тек мұнайға ғана бай емес, сонымен қатар ұлутастың шексіз қорына да бай.
Оған дәлел облыстағы Жетібай ауылынан 13 шақырым жерде орналасқан Солтүстік Жетібай кен орны. Ол 1989 жылы ашылды. Табиғи тастың қоры 91 жерден табылып, бағаланды. Бүгінде аумағы 28 гектар жерді алып жатқан өндірісте жылына 90-100 мың текше метр тас өндіріледі. Ұлутас негізінен 100 пайыз кальций карбонатынан тұрады. Оның құрамында адам ағзасына өте пайдалы йодты қоршаған ортаға бөліп шығаратын теңіз тұздары бар.
Бұл жерден қызыл, ақ, жасыл, тіпті қоңыр түсті ұлутастарды кездестіруге болады. Олардың түстері құрамындағы минералды заттарға байланысты өзгереді. Ұлутастың жылу өткізгіштігі өте төмен. Бұл ғимараттардағы қажетті температураны сақтауға септігін тигізеді. Шудан жақсы қорғайды. Қарапайым әдіспен өндірілетін материалдың көлемі бірден жасалады. Тек кейбір тастар ғана өңдеуден өтіп, қажетті пішінмен кесіледі.
Компания Қазақстан нарығын табиғи таспен толық қамтамасыз етіп келеді. Кәсіпорынның бүгінгі қарқыны қандай? Карьерде қанша метр тереңдікке дейін тастарды өндіру жүргізіледі? Ұлутастың тағы қандай пайдасы бар?
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz