RU
Толық нұсқаға өту

Қазыналы мекен. Елімізде ең алғашқы қалайы кен орны іске қосылмақ

24.05.2016, 15:26 4095

Солтүстік Қазақстан облысының Сырымбет өңірінде пайдалы қазба 1985 жылы табылған.

Сол уақыттан бері геологиялық іздеу-барлау және кешенді сараптамалық жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде онда қалайыдан бөлек 70-ке жуық минерал анықталды.  

Бұл орын Қазақстандағы жалғыз және Орта Азиядағы ең ірі қалайы кен орны. Оны ашық түрде игеру жұмыстары 14 жылға созылмақ.

Жалпы «Сырымбет» тау-кен байыту кешені 1998 жылы құрылған. Кешен құрамына карьер және кешенді кенді өңдеп, дайын тауарлы өнім шығаратын фабрика кіреді. Тиімді технология мен жоғарғы экологиялық стандарттарға сүйене отырып жүргізілетін қалайы өндірісі 2018 жылы басталады. Оның бүгінгі қарқыны жайлы толығырақ бағдарламада тарқатамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz