RU
Толық нұсқаға өту

Клиент үшін талас. Көркемсурет салу қызметінің құны қанша?

12.02.2016, 14:39 2350

Бүгінгі бағдарламада біз іргесі 2012 жылы қаланған Авиациялық оқу-жаттығу орталығының өтініші бойынша жұмыс істемекпіз.

Мұндағы сыныптар өзге білім ордаларынан кем түспегенімен, басшылық сынып қабырғаларын көркемсуретпен безендіруге бел буып отыр. Басты талап авиациялық тақырыптан ауытқымауы тиіс. Ал композицияның 3D техникасымен орындалып шығуы шарт. Өрнек түсетін қабырғаның аумағы 60 шаршы метр. Бұған көркемдік студиялар мен кәсіби суретшілер қандай баға ұсынады? «Клиент үшін талас» жобасының ұжымы бұл нарықты зерттеп, қарағандылық аэродромның тапсырысына таласуға дайын компания өкілдерімен кездесті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz