Министрліктер ғана емес, бюджеттен бөлінген қаржыны ұлттық компаниялар да игере алмай жатады. Тіпті, солардың кейбірі әлгі қаражатты мақсатсыз жұмсайды. 2015 жылы мәжілісте республикалық бюджеттің кезекті жоспары таныстырылады. Сол кезде депутатар қатты қапалы болған. Тіпті, мәжіліс спикері үкімет басшысы мен министрлерді сол жақтан қуып шығуға дейін барып еді. Сонда бұрынғы депутат Мұхтар Тінікеевтің былай дегені бар:
«Самұрық-Қазынада» кеше ғана оқуын бітіріп келген «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен жақын туыстары жұмыс істейді. Олар 1,5 млн теңге жалақы алып отыр. Бірақ компания олардың бассейндері мен спорт залдарының шығынын төлеп береді».
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz