Қазақстанда басқа елдерден цемент, гипсокартон, табақ шыны, тастан жасалған бұйымдар мен құрғақ құрылыс қоспаларын әкелуге шектеулер енгізілді, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл шара ішкі нарықтағы бағаға кері әсерін тигізбестен, отандық өндірістің өсуін қамтамасыз етеді деді Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.
Ішкі нарықты қамтамасыз ету мақсатында минералды тыңайтқыштарды экспорттауға лицензиялау енгізіліп, бұл диқандарға тұрақты бағамен жеткізілімдерге кепілдік берді. Металл сынықтары айналымы саласында қара металлургияны дамыту, болаттың жаңа маркаларын игеру және автомобиль жасау, машина жасау мен құрылыс саласына арналған өнім көлемін кеңейту үшін реттеу жұмыстары жетілдіріліп жатыр.
Тегтер #құрылыс материалдары #24жаңалықтар #24KZМинистрлік өндірістік қуаттарды жүктеу және кепілді өткізу нарығын қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Осы мақсатта қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі іске қосылды. Ірі компаниялар отандық өндірушілермен кепілді сатып алу шарттарын жасасуды және шағын және орта бизнес белдеуін дамытуды көздейтін ішкі нарықтағы үлесті арттырудың ұзақ мерзімді бағдарламаларын бекіту жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп мәлімдеді ведомство басшысы.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz