RU
Толық нұсқаға өту
depositphotos.com

Алматыда құрылыс компанияларына бақылау күшейтілді: төрт компания лицензиядан айырылды

04.08.2026, 11:50 18

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша қаланың құрылыс нарығында тәртіп орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша төрт құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылып, тағы 350 компанияның лицензиясы уақытша тоқтатылды, сондай-ақ 437 құрылыс субъектісіне қатысты тиісті шаралар қабылданды, деп хабарлайды «24KZ».

Әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізіп жатқан мердігерлердің жұмысына ерекше назар аударылды.

Атап айтқанда, «SK BEST Spec Story KZ» ЖШС бірінші санаттағы жобалау жұмыстарына берілген мемлекеттік лицензиясынан айырылды. Сонымен қатар «Отау-Құрмет» ЖШС, «ДО АО «КазНИИСА» ЖШС лицензияларынан айырылса, «Сәулет Құрылыс Консалтинг» ЖШС жеке лицензия түрінен айырылды.

Қала құрылысы бақылау басқармасы Алматыда тек өз біліктілігін растай алатын, белгіленген талаптарды сақтайтын және тиісті құрылыс сапасын қамтамасыз ететін компаниялар ғана жұмыс істей алатынын атап өтті.

Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша сегіз құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылған болатын, олардың көпшілігі әлеуметтік нысандардың құрылысын атқарған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz