RU
Толық нұсқаға өту

Құрылыс жобасы. Пәтер ішін қайта жоспарлау

29.03.2016, 23:27 4954

Пәтер ішін өзі қалауыңызбен өзгерткіңіз келеді ме? Ондағы әрбір шаршы метр қолданыссыз қалмауы үшін не істеу керек?

Бүгінгі таңда пәтерді қайта жоспарлау сәнге айналды. Кейбірі үй ішіндегі кеңістікті жеке талғамымен жасағысы келсе, енді бірі бұл жұмысқа қажеттілік туындағанда кіріседі. Ал кейде жаңа құрылыс нысандарындағы баспана бөлмелерінің орналасуы қолайсыздық тудырып жатады. Мұндай жағдайда қабырғаларды алып тастап, тіпті орындарын ауыстыруға тура келеді. Алайда бұл жоспарды қажет ететін жұмыстың барлығы сіз ойлағандай оңай болмауы мүмкін.

Құрылыс компаниясының бас планы бойынша жасалған дүниені өзгерту заңға қайшы. Тек осы жылдың басынан бері Астанадағы 23 пәтер иесінің заңсыз қайта жобалау жұмыстарын жүргізгендігі анықталды. Қабырғалардың орнын рұқсатсыз ауыстырған олар енді айыппұл төлейді. Пәтер ішін қайта жоспарлауға кіріспес бұрын қандай талаптарды ескерген жөн?

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz