5 қаруын асынған 5 елдің әскерилері қазақ жерінде күш біріктіріп, 10 күн бойы бандылық құрылымдарға тойтарыс берді. Бұл Маңғыстау облысында өткен «Бірлестік-2024» халықаралық жедел-тактикалық оқу-жаттығуының сценариі. Оған Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанның әскери қызметшілері қатысты. Бұл жолы 5 елдің сарбаздары қарулы қақтығысты оқшаулау бойынша бірлескен операцияны жүзеге асырды. Бүгінгі шығарылымда біз 4 мыңға жуық жауынгер мен 700-ден астам қару-жарақ пен әскери техника тартылған «Бірлестік-2024» халықаралық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы жайлы айтатын боламыз.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz