RU
Толық нұсқаға өту

Суға шомылу маусымында құтқарушылар қалай жұмыс істейді?

15.08.2024, 17:45 756

Жаз басталғанда құтқарушылардың да жұмысы өте қауырт болады. Себебі мектеп оқушылары демалысқа шығады және көптеген ата-ана еңбек демалысында жүреді. Яғни барлығы да осылай суға шомылып, табиғат аясында демалғанды қалайды. Ал оның арты соқпақты болып жатады. Көп бала ата-аналардың салғырттығынан суға кетіп жатады. Сол себепті құтқарушылар осындай рейдтік шаралар ұйымдастырып, катерлермен Есілдің жағасын кесіп жүреді.
Биыл суға шомылу маусымы басталғалы республика көлемінде 100-ге жуық адам суға батып кеткен. Оның 30-дан астамы бала екен. Мамандардың сөзінше, олардың дені рұқсат етілмеген жерлерде суға түскен екен. Бүгінгі шығарылымда біз құтқарушылардың қызметі жайлы айтамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz