Қой жүні – қазақ даласының ежелден келе жатқан табиғи байлығы. Алайда жыл сайын өндірілетін ондаған мың тонна жүннің басым бөлігі кәдеге аспай, қоқысқа кетеді. Ақтөбеде бұл мәселенің заманауи шешімі табылды: Италия технологиясымен табиғи жүн терең өңделіп, экологиялық жылу және дыбыс оқшаулағыш панельдерге айналады. 5,3 миллиард теңгелік жоба қазірдің өзінде ондаған адамды жұмыспен қамтып, отандық өнімді шетел нарығына шығаруға дайындалып жатыр. «Made in KZ» бұл жолы даладағы төрт түліктің жүнінен заманауи құрылыс материалы қалай жасалатынын көріп қайтты.
Тегтер #24 kz #Made in KZ #сделано в Казахстане #қоқыс #құрылыс #құрылыс материалдары #қой жүніPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz