RU
Толық нұсқаға өту

Мәдениет жаңалықтары. Астанада италиялық Алессандро Бланко мен Джузеппе Синакоридің концерті өтті

07.03.2018, 12:40 629

Астанада италиялық гитаристер дуэті Алессандро Бланко мен Джузеппе Синакоридің концерті өтті. Музыканттар композитор Джоаккино Россинидің 150 жылдығына арналған турмен Қазақстанды араламақ. Музыканттар кеш барысында Джакомо Пуччини, Винченцо Беллини сынды италиялық композиторлардың шығармаларын орындады. Концерттік бағдарламаны құрғанда үлкен тәуекелге бардық, себебі туындылар негізінде оркестрге арналған дейді - өнерпаздар. Сондықтан болса керек, дуэттің басты ерекшелігі - аспаппен орындалатын түрлі техникаларды бір арнаға тоғыстыра ойнайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz