RU
Толық нұсқаға өту

Мәдениет жаңалықтары. Кинематография

16.05.2018, 10:05 641

- Астанада Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының күндері өтті. Іс-шара аясында Елордаға режиссерлар, сонымен қатар, Герасимов атындағы институттың профессорлар құрамы келді. Олар қазақстандық студенттерді режиссура, анимация, сахналық қозғалыс және бейнелеу өнеріне баулыды.

- Алматылық өнер сүйер қауым суретші Анна Каяның туындыларын тамашалады. Бұл автордың дебюттік жеке көрмесі.

- Астанада инклюзивті театрдың кезекті қойылымдары көрерменге жол тартты. Жиналған жұрт «Маугли» және «Көк құс» спектакльдерін тамашалады. Екі шығарманың дайындығына балалар 6 ай уақытын жұмсапты. Себебі олар: есту қабілеті төмен, сал ауруы мен аутистік бұзылулары бар балалар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz