«Ұлы дала ұлағаты». Осындай атаумен «Астана» концерт залында театрландырылған музыкалық кеш өтті. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұйымдастырылған шарада әртістер беташар, бесікке салу, тұсау кесер сынды қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындарын ұлықталды. Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының артисі Нұрай Танабаев мерекелік жобада абыз ақсақалдың рөлін сомдады. Дуалы ауыз қария өнерлі жастарға ақ батасын беріп, жігерлендірді.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz