Кеше Индерборда жергілікті 60 гитарашы атырапты жаңғыртып, Табылдың әнін шырқады.
Бұрын-соңды 60 гитарашының оркестр құрғаны тарихта болған ба, болмаған ба – беймәлім. Белгілісі буырқанған Табылды туған жерінде әнімен, сазымен, гитараның сиқырлы үнін ғана емес, гитарашылардың шабытын ашып, өз жерінде де бір буын қалыптастырып кеткені анық. Биыл қазақтың тұңғыш әрі жалғыз бард ақыны Табылды Досымовтың туғанына 60 жыл. Жерлестері – индерліктер сол 60 жылдықтың құрметіне Табылды ескертікшінің жанында күркіретіп маңғыстаулық шайыр Светқали Нұржанның сөзіне жазылған, Табылдың «Сәйгүлік» әнін орындады.
Тегтер #Атырау #Табылды Досымов #әндер #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz