Кенеп бетіндегі туған жердің сұлулығы мен мәдени мұрасы. Алматыдағы Ұлттық орталық музейде «Қазақстан: дәстүрлер мен бейнелер, әуендер» атты көрме ашылды, деп хабарлайды 24KZ.
Мәдени іс-шара Республика күніне орай ұйымдастырылып отыр. Экспозицияға 40-тан астам кәсіби суретшінің 100-ге жуық туындысы қойылған. Қылқалам шеберлері көркем образдар арқылы еліміздің бай мұрасын, ұлттық мәдениетінің өзіндік ерекшелігін және ұрпақтар сабақтастығын бейнелейді. Олардың еңбегінен суретшілердің шығармашылық ізденістерінің сан алуандығын, әр автордың өзіндік көркемдік көзқарасын байқауға болады. Ашылу салтанатына Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері, өнер қайраткерлері мен қала тұрғындары қатысты. Өнерсүйер қауым көрмені 6 қарашаға дейін тамашалай алады.
Бекболат Ұнасбаев, суретші:
– Осы көрмені тамашалап келіп отырмын. Бұл көрмеде өзіміздің ұлт руханиятымыздың шеңберін кеңейту мақсатында осындай салт-дәстүрімізді, өнерімізді келер ұрпаққа осындай жариялап көрсету мақсатында жасалған көрме деп есептеймін.
Аяжан Мәди, суретші:
– Менің «Аманат» атты туындымда қыздың болмысы бейнеленген. Оның ортасында сәукеле тұр. Ол сәукеле қыздың жаңадан келін болып аттанып жатқан болмысын бейнелегім келді.
Тегтер #24KZ #көрме #Ұлттық музей #экспозиция #республика күні #суретшілер #АлматыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz