RU
Толық нұсқаға өту

Қауіпсіздік күшейеді: Депутаттар Азаматтық қорғаныс жөніндегі заң жобасын қарады

08.02.2025, 16:05 603

Еліміздің өндіріс орындарында жыл сайын 20-25 апат болады. Салдарынан тек былтырдың өзінде 1400 жұмысшы жарақаттанған. 202 адам қаза тапты. Мәжіліс осы мәселені реттеу үшін азаматтық қорғау жөніндегі заңды бірінші оқылымда қарады. Құжатта инспекторларға ерекше құзырет беру, ғимараттарды жаңғырту мен техникалық талаптарды күшейтуге қатысты өзгерістер бар. Мәселен жаңа нормаға сәйкес, енді төтенше жағдайлар органдарының келісімінсіз, тоғыз қабаттан жоғары ғимараттар пайдалануға берілмейді. Бұдан бөлек қандай да бір төтенше жағдай, апат болғанда халыққа жедел жететін құтқарушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту да көзделіп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz