Елімізде онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтік тексерулер кез келген адамға тегін болмақ. Мәжіліс депутаттары тиісті заң жобасына осындай маңызды түзету енгізіп, қабылдады. Мәселен қазір медициналық сақтандыру жүйесінде төлемі жоқ жандар онкологиялық тексеруден тегін өте алмайды. Ал елде шамамен 3 жарым миллион адам МӘМС жүйесіне тіркелмеген. Заңға енген өзгеріс қатерлі дертті ерте анықтап, ауруды асқындырмай емдеуге мүмкіндік береді.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz