Елде 737 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның 38 пайызы ауылдық елді-мекендерде тұрады. Бұл жайлы Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков айтты. Ол тағдырлы тұлғалардың тұрмысы мен тіршілігін түзеу үшін Ұлттық мүгедектер палатасын құруды ұсынды. Себебі күрмеуі шешілмеген күрделі мәселе көп. Мәселен ақыл есі кем азаматтарға 18 жастан кейін күтуші берілмейтін көрінеді. Қамқоршысына қаражат бөленбейді.
Тегтер #мәжіліс #стратегиялық әріптестік #Мәжіліс депутаттары #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz