Ауру айтып келмейді. Қай жерде сүрініп, қай тұста жаның қысылады беймәлім. Өз босағаңда, болмаса ел ішінде бас ауырып, балтыр сыздағанның жарасы жеңілдеу. Ал өзге мемлекетте жүріп жығылсаң, ешкім аузыңа су тамызбауы мүмкін. Өйткені медицина ақылы әрі қымбат. Оның үстіне әр елдің салты да басқа. Көшеде құлап жатқан адамға жәрдем бере қоюы неғайбыл. Мұндай жайттарды кейінгі кездерде көп естіп, біліп жүрміз. Отандық медицина да осыны ескеріп, базасын нығайтып келеді. Яғни, шетелде жүрген қазақстандықтарға барынша көмек беруге мүдделі.
Тегтер #хабар24 #медицина #Денсаулық #қызмет #шетелPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz