Емханаға қаралуға келген астаналық Марат Ахаев 61 жаста. Бұған дейін де асқазан обыры дертіне ұшырап, бармаған жері жоқ. Әркімнің кеңесімен емнің түр түрін байқастап көрді. Аурухана жағалап жүріп, ақыры операцияға жатты. Қатерлі ісікті уақыты өтіп асқынып кетпесе дәіргерлер сылып тастайды. Бірақ бұл біреуге жағады, біреуге жақпауы да мүмкін. Жақпағаны - обыр қайта пайда болып, енді өзге мүшелерге жайыла бастайды. Қауіптісі сол. Мұндайда қолданылатын ем түрі - химиятерапия.
Тегтер #хабар24 #медицина #Денсаулық #қатерлі ісік #емхана #ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz