Жыл басынан бері «Сергек» ақпараттық-бағдарламалық кешені жаңа 100 камерамен толықты. Бұл қала тұрғындарының қауіпсіздігін арттыратыны сөзсіз. Сондай-ақ, көптен бері айтылып келген адамның бет-бейнесін айырып танитын аппарат іске қосылды. Әкімдіктің ғимратына орнатылған «ақылды» технология жазға дейін тестік режімде сыналады. Сосын вокзал, әуежай сияқты кісі қарасы көп жиналатын жерлерге орнатыла бастайды. Бұл жүйе қылмыскерлерді немесе із-түзсіз жоғалып кеткен азаматтарды іздестіруге септігін тигізбек. Бағдарламаның бүгінгі шығарылымында осы тақырыпты тереңірек қаузаймыз.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz