«Олимп» бағдарламасы эфирге шығып жүрген 2 жылдың ішінде біз бокс туралы бірнеше бағдарлама дайындадық. Ал кәсіпқой бокстағы жаттығуға қатысуымыз алғаш рет және бірден айта кету кетек, бұл мүлде бөлек әлем екен. Күніне он сағаттан аса спорттық залда шынығуға екінің бірі шыдамайды. Шыдағанның өзінде психологиялық тұрғыда сынып кететіндер қаншама. Ал Бейбіт Шүменов үшін бұның барлығы әлдеқашан қалыпты жағдайға айналған. Жартылай ауыр салмақтағы жерлесіміз араға бірер жыл салып кәсіпқой рингке қайта келді. Мақсат - бірнеше тұжырым бойынша чемпиондық белдіктерді иелену деген боксшы, алғашқысын алдағы жазда Астанада сарапқа салмақ.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz