RU
Толық нұсқаға өту

Олимп. Қазақстан биатлоншыларының бүгінгі жайы қандай?

04.12.2018, 17:50 670

Қазақстан биатлоншыларының басына түсіп отырған жағдай қызық өзі. Бір жағынан түсініксіз, басқа жағынан қисынсыз. Неге? Өйткені, оқиғаның болғанына, міне, 2 жылдай уақыт өтсе де, әлі күнге дейін сиырқұйымшақтанып, шешілудің орнына, одан сайын шиеленісе түскендей. Рет ретімен баяндайық. 2017 жылы Италиядағы әлем кубогынан кейін жерлестеріміз қайтуға қамданбай ма? Сөйтіп, бірнеше автобусқа мінгесіп, әуежайды бетке алады. Қоғамдық көлік жолда жанар-жағармай бекетіне тоқтайды және  ішіндегі біреуі қоқыс жәшігіне қорап қалдырады. Міне, бүкіл отандық биатлонды есеңгіреткен жағдай осыдан басталды. Қораптың ішінде қолданылған дәрі-дәрмек пен ұлттық құрама дәрігерінің құжаты жатыр. Оны көрген жергілікті азаматтар бірден федералды полицияға хабарлайды. Содан кейін отандық биатлоншылардан да, отандық биатлоншылар одағынан да тыныштық кетеді. Бітпейтін тексерістер, жауап алу процестері және қатаң бақылау. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz