Еліміз егемендік алып, етек жеңді енді жия бастаған тұста – дін атын жамылған қорқаулар ел ішіне іріткі сала бастады. Дәстүрден бездіріп, қазақы салтқа жат ұғымды санаға сіңіруге тырысты. Ол кезде деструктивті діни ағым өкілдері кітап таратып, өткен-кеткен адамдардың қолына таспа ұстататын. Әсіресе, бұғанасы әлі беки қоймаған балаларды шырмап тастауға бейім еді. Қазір де үгіт-насихат жүргізуді тоқтатқан жоқ. Интернетті пайдаланып, әлеуметтік желіде белсенділік танытатындар да жоқ емес.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz