Сағат 16.20. Полиция департаментінің барлық жеке құрамы мен басшылары кешкі сапқа тұрғызылды. Жиын Шымкент қаласының аумағында өтіп жатқан «Түнгі қала» жедел-профилактикалық іс-шараның жұмыс жоспарын пысықтауға арналады. Басты мақсат — қоғамдық тәртіпті сақтап, құқық бұзушылықтың алдын алу.
Патрульдік полиция полкі күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Негізгі назар адам көп жиналатын аумақтарда түнгі тыныштықты сақтап, қала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударылды.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz