RU
Толық нұсқаға өту

Сұхбат. Ерлан Каримов

18.04.2019, 09:59 814

Микрокредиттік ұйымдар тұрмысы нашар отбасыларға, шағын және орта кәсіпкерлікке қаржылық қолдау көрсету мақсатында, мемлекеттің, халықаралық ұйымдардың жәрдемімен құрылғаны белгілі.

Алайда құқықтық сауаттылықтың төмендігінен қарызға батқан халықтың қарасы көбейіп кетті. Сонымен қатар нарықта онлайн-несие беретін мекемелер де қаптады. Мемлекет 15 минуттың ішінде ақша беретін атымтай жомарт ұйымдардың ісіне араласа алмайды. Себебі қазір нарықтағы онлайн-несие беру ісі заң аясында реттелмеген. Сондықтан тұтынушылар қарызын қайтара алмаса, сот арқылы мүліктерінен айырылуы мүмкін. «Бұл саладағы жағдайды шағын несие ұйымдарының жарғылық капиталын көтеру арқылы шешуге болады», – дейді Экономикалық зерттеулер институты кәсіпкерлікті дамыту орталығының жетекші маманы Ерлан Каримов. 

Ерлан Каримов, ЭЗИ кәсіпкерлікті дамыту орталығының жетекші сарапшысы:

– Тұтынушылар толықтай қарызын төлей алмайтын болса, оларды компромисті жолмен банкротқа ұшыратуды қарастыру керек секілді. Екінші деңгейлі банктердің 5 миллиардтан 10 миллиардқа дейін жарғылық капиталы көтерілді. Ол сөзсіз банктерге жағымды әсер етті. Шағын несие беретін ұйымдардың да жарғысын көтеретін болса, ол біздің экономикаға, тұтынушыларға тиімді әсер ететініне сенеміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz