Қаңтар оқиғасына қатысты тергеудің алдын ала қорытындысы жарияланды. Мәжілісте бас прокурор мен ішкі істер министрі болған жайттың шет-жағасын айтып берді. Тікелей эфирге ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметі басқармасының бастығы Жасұлан Мекебаев қатысты.
Студия қонағына қаңтардағы қырғынға қатысты сауалдар қойылды.
– Қаңтардағы қырғын кезінде 230 адам қайтыс болды деді. Ал осыған дейін мерт болғандардың саны 227 адам делінген еді. Сонда тағы 3 адам қосылып отыр. Бұл сан алдағы уақытта да өсуі мүмкін бе?
– Неліктен қайтыс болған адамдардың аты-жөні осы күнге дейін жарияланбай отыр? Бұған заңда қандай да бір шектеу бар ма?
– Қайтыс болған 230 адамның қаншасы террорист, қаншасы бейбіт тұрғын екенін анықтадыңыздар ма? – деген сияқты қаңтар оқиғасының жұмбағы ашылмаған өзге де біраз сұрақтарға жауап берді.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz